arailym_zhanhmet

arailym_zhanhmet

Share

ПП • ДЕТОКС • АРЫҚТАУ МАРАФОНЫ

20/11/2021

БҰЛАРДЫ АЛМАСАҢ ҚАЛТАҢ ТОЛЫҚ, АЛ ӨЗІҢ АРЫҚ БОЛАСЫҢ👌


Пайдалы өнімді де шамадан тыс тұтынба. Зиян!

Төмендегі тізімді рационнан 70-80%-ға алып тастасаң #ыспокойно арықтайсың✔️

🌱 Газдалған тәтті сусындар.(Энергетик, coca-cola, pepsi, fanta т.б)

🌱 Құрамы табиғи емес сүт өнімдері (көбінесе иогурттар, сүзбе, сүт, айран)

🌱 Қант және құрамында қанты бар өнімдер

🌱 Шоколадты батончиктер

🌱 Майонез, кетчуп, заправкалар (өңдеуден өткен)

🌱 Жоғары сорттағы ұн ( бұл ұннан жасалатын тағамдардың барлық түрі)

🌱 Тез дайындалатын тағамдар (ботқа, лапша)

🌱 Маргарин (трансмайлар)

🌱 Өңдеуден өткен ет өнімдері (тушенка, шұжық)

🌱 Алкоголь (барлық түрі)

🌱 Чипсы, кириешки

Енді осы тізімге тағы бір қара. Қосарың болса жазып кет✔️

18/11/2021

Ақуыз (белок) инфекцияға төтеп бере алатынын білесіз бе?

⠀Белок - бұл адам ағзасындағы әрбір клетканың жұмысына жауап беретін, ең маңызды зат. Оның жетіспеуінен:
❗️әлсіздік,үнемі шаршап жүру
❗️салмақтың тым аздығы, азып кету
❗️шаштың уыстап түсуі, жұқалауы
❗️терінің құрғақтығы
❗️тәттіге тәуелділік
❗️кейде іш қатуы н/е желденуі..т.б

Ақуыз(белок) біздің ағзамызда қандай қызмет атқарады:

🌱қорғағыштық қызмет, иммундық жүйені қалыпта ұстап, түрлі инфекцияға төтеп бере алады

🌱ақуызсыз клеткалар жаңармайды

🌱гормондар ақуызсыз жұмыс жасамайды

🌱ақуызсыз темір жетіспеушілігін жеңе алмайсыз

🌱ақуыз ағзаға минералдарды, витаминдерді, гормон мен оттекті тасымалдайды

🌱ағзадағы су балансының дұрыстығын қамтамасыз етеді

✅Ақуызды қандай өнімдерден аламыз:
-сиыр еті;
-қой еті;
-субөнімдер;
-балық;
-тауық еті;
-үндік еті;
-үйрек еті;

Ақуызды күнделікті пайдаланып жүрсіз бе?

16/11/2021

Детокс деген не?
Көптеген сарапшылар ағзадағы токсиндер мен шлактар ​​көптеген аурулардың негізгі бұзушылары, әлсіз иммунитеттер, аллергиялық реакциялар, сыртқы көріністегі кемшіліктер және жүйке сарқылуын болдырмау, шаршаудың күшеюі деп санайды. Барлық жүйелер үйлесімді жұмыс істейтін адам денесі бүйрек, ішек, бауыр, өкпе, тері арқылы жинақталатын уларды өз бетінше жоюға қабілетті.

Қажетсіздікті алып тастау үшін өзіңіздің ресурстарыңыз жетіспейді, бұл жеткіліксіз болады. Детокс бағдарламалары дененің өз ресурстарын босатуға және барлық деңгейде табиғи тазартуды ынталандыратын құтқаруға келеді. Детоксты ескере отырып, ол қандай әдіске қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі әсерлерді көрсету керек:

-жинақталған уытты қосылыстарды дене тінінен алу;

-асқорытуды қалыпқа келтіру;

-қосымша фунттан құтылу;

-дененің жасаруы ;

-сыртқы түрін жақсарту.

Токсиндердің денесін келесідей «сигналдармен» тазалау керек екенін түсіну керек (олардың бірнешееуі):

асқорыту мәселелері;

жиі суық тию;

теріге бөртпе;

аузынан жаман иіс ;

күштердің төмендеуі;

көңіл-күйдің жиі өзгеруі.

Дененің детоксикациясы - үйдегі ағзаны қалай тазартуға болады?

Детокспен танысу және емдеу үшін, клиникалардың, медициналық орталықтардың, СПА-салондардың қызметтерін пайдалана отырып, осындай денсаулық сақтау әдістерін ұсынуға болады. Үйдегi детокстық бағдарлама кез-келген әйелге мүмкiндiгi бар тазалау үшiн қолайлы, тиiмдi және қолжетiмдi нұсқа болып табылады. Бұл үшін ең жақсы кезең көктем мен күздің басы, денесі өзгеруге дайын болғанда. Бұл жағдайда детокс ағымының жоспарын демалыс немесе тыныш жұмыс режиміне сәйкес келу үшін, стресссіз және іссапарға жол бермеу керек.

Детокс тек ерекше диета ғана емес, сонымен қатар іс-шаралар кешенін қамтиды, соның ішінде:

диета және сұйықтықты қабылдау;

зиянды өнімдерді жою;

алкогольден, шылым шегу.

13/11/2021

Айтуға оңай әрине 😱

Арықтаудың ең қарапайым және ең қиын ережесі-АРТЫҚ ТАМАҚ ЖЕМЕУ👌

Артық тамақ жеп қойғанымызды кейде байқамай қалып жатамыз. Тамақты нормамен, асқазанға зиян келтірмейтіндей тамақтанудың бірнеше жолын атап өтейін:

🧊 Шөлдеу мен аштық сезімді жиі шатастырамыз. Шөлді басу үшін су ішудің орнына, тамақ жейміз. Ондай болмас үшін, күнделікті жеткілікті мөлшерде су ішу маңызды.

🍽 Тамақтанудан 20 минут бұрын бір стакан су ішіп алсаңыз, қомағайлықты аз да болса басуға көмектеседі.

✔️Үлкен және кішкентай ыдыстарға бірдей мөлшерде тамақ салып көріңіз.

Егер үлкен табақта порция аз болып көрінсе, онда кішкентай табақшада үлкен болып көрінеді. Сондықтан кіші ыдысты көбірек қолданыңыз👌

🍃 Көкөністер асқазанды артық калориясыз тойдыруға мүмкіндік береді. Ас ішетін уақытта негізгі жейтін тағамыңызды көкөністермен толықтырыңыз.

Тойыну сезімі-бұл тамаққа толған асқазанның миға беретін сигналы. Ал сигнал жету үшін уақыт керек.

Біз жаңа ғана тойғанша тамақтандық, бірақ ми бұл ақпаратты қабылдағанша, біз әлі де тамақ жеуді тоқтатпаймыз. Соның нәтежиесінде асқазан артық тамаққа толып кетеді.

Сондықтан тамақтанғанда баяу және теледидар, сотка... қарамай жеу маңызды. Мысалы, инстаграмда отырып тамақтансақ, артық тамақ жегенімізді байқамай қалуымыз ғажап емес.


Бір тамақтанудың мөлшері 350-450 гр-нан аспауы керек. Үлкен порция жеу асқазанның керілуіне және артық тамақтануға әкеледі. Асқазан кеңейіп кетсе, тойу оңай болмайды😋

Егер жиі-жиі тамақтанантын болсақ, онда ағзамыз бұрын тұтынылған тағамды сіңіріп үлгермейді. Сондықтан артық жемеу үшін, белгіленген уақытпен ғана тамақтану маңызды.

Қалай тамақтанып жүрсіз? Дұрыс тамақтану әдебін ұстанасыз ба?

12/11/2021

Таңертең тұрсам 2-3 кг қосып алыппын 🥺

Марафонға қатысып жүрмін? Неге салмағым түспейді?

Салмағы бірқалыпты болып жүреді де, дереу салмақ қосып алатын ханымдар бар. Неге осылай болатынын айтамын! Постты соңына дейін оқып, пікір қалдырыңыз! ❤️

1. Тұзды тағамдарды мөлшерден тыс пайдалану. Тұзды, ащы тағамдарды көп пайдаланған да, денеде ісік пайда болады. Әрине ісікті біз салмақ қостым деп ойлаймыз

2. Айлық белгі (етеккір) кезінде. Әйел адамын да бұл уақытта міндетті түрде 2-3 кг салмақ қосылады

3. Бүйрек және жүректің дұрыс істемеуі кезінде. Бүйрек күніне 24 сағат артық сұйықтық пен зат алмасудан қалған токсиндерді шығарып отырады. Ал бүйрек дұрыс істемеген жағдайда ісікке алып келеді

4. Суды аз пайдалану. Адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі. Өндірістің зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының бәрі біздің ағзамыз кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі. Токсиндік заттар бүйрек арқылы сыртқа шығу үшін суды көп ішу керек

5. Іш қату кезінде салмақ қосылады

6. Физикалық нагрузка болмаған жағдайда. Бір орында жұмыс істейтіндер, көп қимылды қажет етпейтін жандар үшін салмақ қосу қаупі көбірек

Салмағыңыз түспей жүр ме? Айтылған пункттің қайсысы сізде бар немесе бәрі ОК ма?

09/11/2021

Қош келдің 18 ( + 12) жас! 🥳

Жаңа жасым тек маған қуанышыңмен, берекеңмен, жақсылығы мен ырзығын арқалап кел! Бастаған бизнесімді соңына дейін жеткізуге Алла нәсіп етсін!

Осы күнге жеткізген Аллаға шүкір🤲

Құттықтаймын десеңіз мархабат 🥰

07/11/2021

ҮНЕМІ ШАРШАП ЖҮРСЕҢІЗ 😞

8.11 басталатын ДЕТОКС марафоныма шақырамын 😍

ДЕТОКС МАРАФОНЫ БҰЛ:

🔺Ағзаны қоқыстардан, шлак және токсиндерден тазарту.
🔺Ас қорыту жүйесін жеңілдету.
🔺Ағзаңызға демалыс беріп, ауруларыңызды емдеу.
🔺Терінің күйін жақсартып, бөртпелерді, безеулерді кетіру.
🔺Антибиотиктер мен басқа. дәрі-дәрмектерден тазалану.
🔺Жалпы денсаулықты, көңіл-күйді жақсарту, ұйқы уақытын азайту.
🔺Ағзаны дәрумендермен қанықтыру.
🔺Артық салмақтан арылу.

Марафон 7 күн болады!

- WhatsApp - та жабық топта өтеді
- Қолжетімді меню
- Би
- Қатаң қадағалау

Бағасы: 990 тг

Қатысу үшін: 87772049809 номеріне жазыңыз!!! 🌷

05/11/2021

Көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі шығады 😍

Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан жасушаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНК-ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе? 😔

Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады.

Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие.

Көк шайды салмақ тастау үшін де ішуге болады! ☺️

Photos from arailym_zhanhmet's post 04/11/2021

1 айда 15-20 кг тастағым келеді 😍

Осыны армандамайтын қыз - келіншек жоқ шығар.

Менің марафоныма келетін көбінің сұрағы осы. Иә бірден салмақ тастап, мінсіз мүсінге ие болғысы келеді. Бірақ❗️

Оның минус жақтары бар ғой. Жо - жоқ артық салмақтан арылу дұрыс емес деп жатқан жоқпын. 1 айда 15-20 кг тастау дұрыс емес. Қазір түсіндіремін

Сіз өте үлкен салмақты 1 айда қосып алған жоқсыз. Айлар, жылдар өте қосылған салмақ. Сол себепті де 20 кг салмақты бірден емес 5 - 6 айда тастаған дұрыс. Себебін карусельден қараңыз. ➡️

1 айда -6-7 кг салмақ тастау норма! Сонда сізде терінің салбырауы(обвисание кожи) деген проблема болмайды.

Сіз қайсысын таңдайсыз?

01/11/2021

Лимон суын көп пайдалану зиян ба?

Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бұрыннан-ақ белгілі. Диетолог-мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сондай-ақ, олар таза суға лимон тілімдерін қосып, ішкен дұрыс екенін дәлелдей білген.

Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.

Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.

Артық салмақтан арылуды мақсат тұтқан жандарға лимон қосылған су көмегін тигізе алады. Лимон шырынының құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін жақсартып, артық салмақтан арылуға жол береді. Ол үшін күнделікті 1 стақан лимон қосылған суды үш мәрте қабылдау керек.

Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек ауруларының алдын алып, бұл мүшелердің жұмысын жақсартады. Өт жолында тастардың жиналмауына ықпал етеді. Ағзаны зиянды қалдықтардан арылтады. Қан құрамындағы токсиндерден арылтып, терідегі пигментті дақтардың көзін жояды. Безеу, секпіл, әжімнің түсуіне жол бермейді. Теріні тазалап, оны ағартады.

Күнделікті таңертең аш қарынға қабылданған лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын бір қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат пен сергектік береді. Стресс, күйзеліс, көңілсіздіктің болмауына ықпал етеді. Жаздың аптап ыстық күндері бұл шырын шөлден құтқарса, қыстың күні жанға жылулық пен күш сыйлайды.

Күнде таңертең ашқарынға лимон суын ішесіз бе?

#лимонсуы #арықтау #ппмарафон #лимонпайдасы #қалайарықтаймын #детокс

Website