Kosmetology KGM
Косметология
20/09/2022
Арнайы күтім дегеніміз не?
Арнайы күтім-белгілі бір мақсатты көздейтін күтім әдіс.Мұндай күтім арқылы қысқа уақыт ішінде белгілі бір әсерге қол жеткізуге болады.
⬇️Мысалы,бет терісін ағарту ,безеуді емдеу ,тері тесігін кішірейту,әжімді немесе қара дақты азайту және кетіру.
Қалыпты жағдайда бет терісіне күн сайын күтім жасау керек.
☑️Бет күтімі процесі күрделі немесе қарапайым болады .
Қандай күтім қолданатыныңызды сіздің бет теріңіздің жағдайына және қалайтын нәтижеңізге байланысты.
☑️Арнайы бет күтімі кезеңінде бет күтімі тітіркенуі мүмкін.Арнайы күтімді нақты нұсқаулық қолданбаса ☝🏻бет терісіне зақым келуі ықтимал.Мысалы,бетті ағартатын сыворотканы 💧қолданып ,күннің астында қорғанбай жүрсеңіз,керісінше пигменттік дақтар көбейеді.Сол үшін сіздерге айтарым косметолог маманға барып ,жиі кеңесіп отырыңыздар😘
01/09/2022
Судың бет терісіне қандай пайдасы бар?
Достар,сіздер консультацияға келгенде білесіздер ия мен қандай сұрақ қоятынымды☺️
Күніне неше литр су ішесіз деп қоямын,ия сұрақ?🫧
Жалпы су жылы судың пайдасы ,қаншалықты біздің организмімізге әсер етеді?
✅💧теріні ылғалдандырады
Су терінің құрамын жақсартып,жұмсартады және тегіс болуға көмектеседі
✅💧икемділікті арттырады
Ол дегеніміз ,егер сіз күнделікті суды тәртіппен пайдаланытын болсаңыз ,бүкіл ағзаның жұмысын жақсартқан боласыз!
Сонымен қатар бүкіл теріні қоректік заттармен қамтамасыз етесіз
✅💧Токсиндерді шығарады!
Су ағзадағы токсиндерді шығарады,демек терінің денсаулығын жақсартады,тазартады.
✅💧Тонусты жақсартады
Су біздің ағзамыздың әр жасушасын ылғалмен толтырады,бұл теріні сумен жеткілікті қанықтыруға ықпал етеді.
Достар ,осындай менің пайдалы посттарыма лайк басуды ұмытпаңыздар🙏
20/08/2022
Косметологқа жылына неше рет барған дұрыс?
📌Осы сұрақты көпшілігіңіз маған диі қоясыздар!
Косметологқа жиі бару бұл сіздің сұлулығыңызға әсер етеді.Терімізге дұрыс күтім жасай білсек,сұлулығымыз бен жастығымызды ұзақ сақтаймыз!
📌Ал ,жасөспірім кезден косметологқа жиі барудың еш зияны жоқ,әсіресе өтпелі кезеңде беттерінде өзгеріс пайда бола бастады,бұрындары
📌Өтпелі кезең 16-18 жас аралығы болса ,қәзіргі таңда ерте басталуда(оның өзіндік себептеріде бар,әркімде жағдай әр түрлі)
Сол үшін :Косметолог маманмен ақылдассаңыз ол сізге жас ұлғайған сайын пайда болатын өзгерістермен күресу жолбарын айтады.
📌Профессионалды продцедуралармен қатар бетке массаж жасау да үлкен пайда бетке!Ол беттің мимикалық әжімдеріне ,алдын -ала салбырап кетпеуіне үлкен көмек болады!
📌Құрғақ бет болса айына 1 рет (2-3айда)
📌Майлы бет болса 1-2 рет (2-3айда)барғаныңыз жеткілікті.
Бетті өз ісінің Professional-на тапсырыңыз☺️
Жазылу үшін:📞+77074000300 хабарласыңыздар✅
11/08/2022
Сіздерге Қара дақтар жайлы пост салуды жөн көрдім.Демек,бетте пайда болатын қара дақтар қазір әйелдермен қатар, ер адамдарды да жиі кездесіп жатады.Ол безеу сияқты ыңғайсыздық тудырмаса да, келбетіңіздің көркіне кері әсер ететіні де рас. Қара дақтарды медицина тілінде «камедондар» деп атайды. Олардың пайда болуына бірден бір әсер ететін фактор – беттің майлылығы. Беттің майлы бездері майды шамадан тыс бөлуінің әсерінен пайда болады. Әсіресе, ол беттің «Т» зонасында көбірек кездеседі, яғни мұрын, маңдай мен иек тұста. Өйткені бұл бөліктер беттің ең майлы жерлері. Қара дақтардың пайда болуына майлылықтан бөлек, дұрыс күтім жасамау да себеп. Әр қыз баласы күніне екі мезгіл бетке арнайы күтім жасауы керек. Ұйқыға жатар алдында міндетті түрде бетті тазалау қара дақтан сақтап қана қоймай, денсаулықты да жақсартады. Одан бөлек қара дақтар дұрыс тамақтанбау және ішек құрылысының бұзылуынан да пайда болады.
Бетті қара дақтардан тазарту 4 кезеңнен тұрады.
✅Бет терісін қорғаңыз: Егер сіздің бетіңіз майлы болса,міндетті түрде күннен қорғайтын крем пайдаланған жөн. Егер күні бойына күннің астында жүруге тура келсе, әр үш сағат сайын бетіңізді тазалап күнге қарсы кремді қайта жағып отырыңыз.
✅Одан бөлек, бетіңізге сәуле түсірмейтін бас киім киіп алыңыз. Апта сайын маска. Байқасаңыз, майлы беттегі тесіктердің көлемі ұлғайып кетеді. Негізі ол тесіктердің ұсақ болып, сырт көзге білінбегені абзал. Ол үшін саз балшықтан жасалған маскаларды жиі қолданыңыз. Ондай маскалар қабынуды басып, беттің терілерін тарылтады. ✅Ұқыпты тазалық. Бетті уақытымен тазартып тұрған жөн. Өзіңіздің күн сайынғы күтіміңізден бөлек, кемінде айына бір рет косметолог маманға көрініңіз. Олар бетіңіздің терісін кәсіби тазартып бергеннен кейін, келеңсіздіктер азаятын болады.
✅Сапалы косметика. Бетті кез-келген қоспамен жуып, кездескен бояуды қолдана беруге болмайды! Алдымен, құрамына қарап сізге кері әсер ететін элементтер жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Жалпы майлы беттерге құрамы жеңіл кремдер, маскалар пайдалану кеңес етіледі.
——————————————
Бетімізді қорғап жүрейік!
Бет адамның -айнасы!!!
04/08/2022
🔴Терімізге дұрыс күтім жасай білсек, сұлулық пен жастықты ұзағырақ сақтауға болатынын бәріміз білеміз, алайда дұрыс күтім деген не екенін барлығымыз бірдей білмеуіміз мүмкін.
🔴20 жастан кейін де косметологке барудың артықшылығы жоқ. Егер терінің жай-күйінде өзгеріс болса не үйде жасаған күтіміңіз өзгеше әсер берсе, басқа да ерекшеліктерді байқасаңыз уақыт өткізбей маман алдына барыңыз. Ол сіздің теріңізге терең тазалау рәсімін жүргізіп, қоршаған ортадағы зиянды факторлардан қорғануға көмектеседі.
🔴25 жастан кейін өзіңіз-ақ косметологке бара бергіңіз келеді. Себебі бұл жаста теріде қарттықтың алғашқы белгілері көріне бастауы мүмкін. Алғашқы мимикалық әжімдер пайда болып, терінің сіңіргіштігі тереңдей түседі. Егер тері құрғақ болса әсіресе күз-қыс мезгілдерінде жағдайы нашарлай бастайды, ал майлы болса үйде жасаған күтіміңіз дұрыс болмай шықса, одан сайын жағдайды ушықтыра түсесіз.
🔴Тәжірибелі маман көмегіне жүгінсеңіз, ол сізге жас ұлғайған сайын пайда болатын өзгерістермен күресудің жолын айтады. Әжімдердің көбеймеуіне қарсы тұратын құралдар арқылы теріңізді жақсартып береді.
Кәсіби процедуралармен қатар бетке массаж жасау да артық етпейді, лимфодренаж бетте пайда болатын ісіктің алдын алады, микроциркуляцияны жақсартып, бұлшықеттің гипертонусын азайтады. Бұл жаста ең дұрысы косметологке айына 2-3 рет бару. 30-35 жастан асқанда жас ұлғайған сайын терінің жағдайына байланысты процедура мен массажды кезек қабылдап тұру қажет. Аптасына бір рет немесе бір апта массажға, бір апта процедураға бару. Мерзімдік пиллингке әртүрлі аппараттар да қосылады. Электротоки, микродермабразия, криотерапия, фотожасарту, термолифтинг, ботулинотерапия, биоревитализация, мезотерапия, контурлық пластика – осының қайсысы сіздің теріңізге сай екенін анықтап, мамандар теріңіздегі өзгерістерді қалпына келтіреді. Әр әйелге өзіне тән микроэлементтер мен дәрумендерге толы диетасы тағайындалады. Терісінің жайын ойласа, кей тағамдардан бас тартуға да тура келеді.
🔴45 жастан кейін әйел адамның бойында көптеген гормонық өзгерістер түзіледі. Бұл шақта аптасына бір рет косметолог алдынан өтіп, гинеколог және эндокринолог мамандармен де қатар жұмыс істесе нұр үстіне нұр болар.
28/07/2022
📌Ксантелазма -теріңіздің астында пайда болатын жұмсақ,сарғыш майлы шөгінді.Бұл зиянды емес,бірақ сирек жағдайларда бұл мүмкін жүрек ауруының көрсеткіші болуы мүмкін.Сондықтан оны дәрігердің немесе дерматологтың тексергені дұрыс.
📌Ксантелазма әдетте зиянсыз.Ксантелазманы жою косметикалық процедура болып саналады.Холестеринді төмендету ксантелазма емдеуге де көмектеседі!
📌Ксантелазманы мүлдем зиянсыз,бірнеше жолмен алуға болады:
✅Криотерапия
✅Лазерлик хирургия
✅Дәстүрлі хирургия
✅Химиялық пилингтер
✅Дәрі
✅Электрокоагуляция
Ксантелазма (ксантома): тері астындағы майдың жиналуы, жараның немесе бөртпенің пайда болуын береді.
📌Ксантомалар көбінесе қарт адамдарда және қандағы липидтердің деңгейі жоғары адамдарда жиі кездеседі.
28/07/2022
📌Ксантелазма -теріңіздің астында пайда болатын жұмсақ,сарғыш майлы шөгінді.Бұл зиянды емес,бірақ сирек жағдайларда бұл мүмкін жүрек ауруының көрсеткіші болуы мүмкін.Сондықтан оны дәрігердің немесе дерматологтың тексергені дұрыс.Ксантелазма әдетте зиянсыз.Ксантелазманы жою косметикалық процедура болып саналады.Холестеринді төмендету ксантелазма емдеуге де көмектеседі!
Ксантелазманы мүлдем зиянсыз,бірнеше жолмен алуға болады:
✅Криотерапия
✅Лазерлик хирургия
✅Дәстүрлі хирургия
✅Химиялық пилингтер
✅Дәрі
✅Электрокоагуляция
📌Ксантелазма (ксантома): тері астындағы майдың жиналуы, жараның немесе бөртпенің пайда болуын береді.
📌Ксантомалар көбінесе қарт адамдарда және қандағы липидтердің деңгейі жоғары адамдарда жиі кездеседі.
28/07/2022
📌Ксантелазма -теріңіздің астында пайда болатын жұмсақ,сарғыш майлы шөгінді.Бұл зиянды емес,бірақ сирек жағдайларда бұл мүмкін жүрек ауруының көрсеткіші болуы мүмкін.Сондықтан оны дәрігердің немесе дерматологтың тексергені дұрыс.Ксантелазма әдетте зиянсыз.Ксантелазманы жою косметикалық процедура болып саналады.Холестеринді төмендету ксантелазма емдеуге де көмектеседі!
Ксантелазманы мүлдем зиянсыз,бірнеше жолмен алуға болады:
✅Криотерапия
✅Лазерлик хирургия
✅Дәстүрлі хирургия
✅Химиялық пилингтер
✅Дәрі
✅Электрокоагуляция
Ксантелазма (ксантома): тері астындағы майдың жиналуы, жараның немесе бөртпенің пайда болуын береді.
📌Ксантомалар көбінесе қарт адамдарда және қандағы липидтердің деңгейі жоғары адамдарда жиі кездеседі.
28/07/2022
05/07/2022
🧪Плазмолифтинг-процедурасы қан плазмасының терапевтік қасиеттеріне негізделген.
🖇Ол өсу факторларды ,гармондардың ,ақуыздардың және дәрумендердің биологиялық стимуляторы болып табылады .
🧪Процедура :қан жинаудан⏩центрофугалаудан ⏩иньекциялаудан тұрады.
📌Бұл процедура кезінде аллергиялық реакция және инфекция көзі болуы мүмкін емес .
📌Плазмолифтинг сіздің ағзаңыздың ресурстары арқылы емдейді.
🔥Жасартудың әдісі Плазмолифтинг.Ол дәл тромбоциттерге бай плазманың регенерациялық әсерлікке негізделген.Ол проблемалық аймаққа енгізіледі.
Плазмолифтингтің де қарсы көрсеткіштері бар:
✅ауыр тері птозы бар адамдарға ✅аяғы ауыр келіншектерге,
✅емізулі бөпелері бар келіншектерге
✅анемия кісілерге,
✅СОЭ жоғары деңгейде,
✅Цикл кезінде(Қыздарға)
‼️‼️‼️Міндетті түрде қанның талдауы керек✅
————————————
Достар,пост пайдалы болды ма?Пайдалы болса ⏬пікірлеріңізді қалдырыңыздар🔥
05/07/2022
Сыворотка (іркіт)-құрамына белсенді компоненттер қосылатын,терінің төменгі қабатына тереңдеп еніп,проблемамен(пигментті ,дақ,угри ,әжім т.б)тез әрі терең күресе алатын құрал🪄
Сыворотка -құрамына түрлі өсімдік қышқылдары белсенді қоспалары қосылады,май аз болады✨✅
Сыворотка -белгілі бір тері проблемасымен,күресуге арнап шығарған мәселен пигментті дақты,әжімдерді азайтуға сияқты.
‼️Сол себепті сывротканы курс ретінде пайдаланған жөн!
Сывротканы жылдың кез -келген мезгілінде және жас мөлшеріне қарамастан қолдана беруге кеңес беремін.
————————————
Достар ақпарат пайдалы болса⏬пікірлеріңізді қалдырып кетіңіздер😘 #сұлуболуөзқолыңда
Website
Opening Hours
| Monday | 10:00 - 20:00 |
| Tuesday | 10:00 - 20:00 |
| Wednesday | 10:00 - 20:00 |
| Thursday | 10:00 - 20:00 |
| Friday | 10:00 - 20:00 |
| Saturday | 10:00 - 20:00 |
