dr.nurzhanova
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from dr.nurzhanova, Health/Beauty, Karaganda.
19/12/2023
Сізге айтайын деген өте жақсы жаңалығым бар.
Жаңа жыл қарсаңында сізге СУПЕР ЖЕҢІЛДІК бар.
Тек осы аптада қабылдауға жазылсаңыз 50% арзан болады.
Ұнаса лайк басып, парақшама жазылуды ұмытпаңыз.
Қандай ем- шараға жеңілдік болатынын білгіңіз келе ме? Ендеше сторизке өтіңіз.
#стоматология Караганда
# блог_академия_3лек
09/12/2023
Өзім туралы не білдім? Мен қандаймын? тақырыбында мәтінді өңдеп пост жазыңыз.
Жауап:
Міне екінші айдың жүзі болды, тағы студент атанып,
мүйізі қарағайдай SMM мамандарынан дәріс алып жатырмын.
Ананы үйт, мыныны сүйт,- деп оқытатын жүйеге әбден үйреніп қалғанбыз ғой, БЛОГ АКАДЕМИЯ ұжымы сабақты басқа тәсілмен оқытады екен.
«Мен қандай тұлғамын? Менің қандай қабілетім бар? Мен өзімді қай қырымнан таныдым?» - деген сұрақтарды өзімізге жиі қойдырады екен.
Расында да мен кіммін?
Біреудің баласы, біреудің анасы, немерелерімнің әжесі екенім хақ.
Енді біреулер мені асыл жар, білікті дәрігер, ұстаз деп таниды.
Бәлкім турашыл, шыншыл деп те айтар. Он саусағынан өнері тамған ісмер, тоқымашы деуі де мүмкін.
Ал мен өзімді қандаймын, кіммін дер едім? Адамдар өз ішіне қаншалықты жиі үңіледі екен?
Менің ішімде -білгенінімнен білмейтінім көп, сондықтан көп оқып,оны көңіліме тоқуым керек, ешкімге кіріптар болмауым керек деген - кішкентай, нәзік, бала боп ойыны қанбаған Гульмира бар екен.
08/12/2023
Кеше үйде жайбарақат, сабақ оқып отыр едім. @ shuaq_ smm_ skool.
Жұмыстан хабарласып, стоматологияда радиационный фонды тексеретін маман келгенін айтты.
Кезектен тыс компьютерлік томографтың радиациялық деңгейін тексеру керек екен.
Борщ дайындауға асып жатқан етімнің астын өшіре салып, асығыс жұмысқа жиналдым.
Қырсыққанда түнімен қар жауып, көлігім әппақ қардың астынан жылтыйып қана көрінеді. Көлігімді қыздырып, қарын тазалап, жолға шықтым.
Жол бойы светофордың қызыл шамына түсіп отырдым.
Асығып жүріп телефонымды да үйде қалдырып кетіппін. Япырым-ай, пациенттерімнің бәрі сол телефонға қоңырау шалушы еді, енді қайттым, қайта оралсам ба екен деп те ойладым.
Қой, не де болса жұмысқа барайын, сосын бір амалы болар.
Жұмысқа келсем, ол маман күтпей кетіп қалыпты. Қап! Қанша ісім аяқталмай қалды. Ас-ауқатым да даярланбады, сабақты да соңына дейін көрмедім, не үй тапсырмасы орындалмады. Әттеген -ай!
Не болса да осыны бір жақты қылайын деп маманға қоңырау шалып, кері қайырылуын сұрадым.
Әбүйір болғанда ұзай қоймапты. Келіп, замер жасап кетті. Қорытындысын жазбаша түрде жіберетін болды.
Енді телефонға жету керек.
06/12/2023
Тістеріңізді ең қымбат пастамен тазаласаңыздар да сарғыштанып, кейде тістердің арасы қоңырқайланып тұра ма?
Күлген кезде сіздің не балаларыңыздың тістерінің әппақ маржандай боп әдемі көрінгенін қалайсыз ба? Ендеше тістерді дұрыс тазалауды үйренейік.
Тістерді тазалаудың алуан түрлі тәсілдері бар. Кеңінен қолданылатыны- стандартты тәсіл. Күніне екі рет, кемінде 2-3 минут уақытыңызды қиюыңыз керек.
Бірінші қозғалыс міндетті түрде қызыл иектен тіске қарай, үстіңгі жақта - жоғарыдан төмен, ал астыңғы жақта- төменнен жоғары қарай тазаласаңыз тіс қағы тістердің арасы мен қызыл иек астына тығылмайды. Таңдай және тіл жақ беткейлерін де осылай тазалаңыз.
Тістердің шайнау беткейін круговые движениеме, дөңгелете тазалап барып, ең соңында горизонтальды қозғалыстар жасауға болажы.
Таңдайды, ұрттар мен тілді тазаласаңыз ауыз қуысының гигиенасын толық қанды орындадым дей беріңіз.
Сіздерге осы ақпар пайдалы болды ма? Сіз тістеріңізді қалай тазалайсыз? Пікіріңізді жаза отырыңыз.
05/12/2023
Тісі саудың дені сау.
Ауыз қуысының гигиенасын сақтау - тістердің саулығын қамтамасыз ететін факторлардың бірі.
Ауыз қуысы гигиенасын қамтамасыз ететін құралдар- тіс щёткалары, тіс пасталары, ёршиктер, жіптер, ополаскивательдердің сан алуан түрі бар. Бұл саланың индустриясы дамыған.
Осыншама көп құралдардың қайсысын қолдансам екен?- деген сұрақ туындауы әбден мүмкін.
Оларды таңдау ерекшеліктері бар. Алдыңғы посттарда осы сұрақтарға жауап ала аласыздар.
25/11/2023
дың курсанты атанып, блог атты ғажайып әлемнің есігін ашқалы күнделікті үй тапсырмасын орындау әдеттегі іске айналған.
Бала күнгі арманыңызды еске түсіріңіз делінген распаковка файлында.
Үшінші класта жазған шығармам есіме түсіп, алыста қалған балалық шағыма барып қайттым.
Мен өскенде кім болам?
Космонавт боламын, аспанға қараймын, жұлдызды санаймын деп қиялданып едім...
Қайран аңғал балалық ай!
# блог_академия
21/11/2023
Кеше кешкісін 87013856316 номерінен біреу қоңырау шалып өзін Қазақтелекомның менеджерімін деп таныстырды. Гульмира Табараковна деген дауысынан сұрақ интонациясын естіп, Да деп жауап беруім мұң екен, тұтқадан шырт еткен дыбыс шығып, байланыс үзілді.
Кері байланыс мүмкін емес, бұл номер желіде тіркелмеген дейді.
Бұл алаяқтардың құйтырқы әрекеті емес пе екен? Сіздер қоңырауға қалай жауап бересіздер? Тыңдап тұрмын немесе иә? Коментариға жаза кетіңіздер.
20/11/2023
Сіз менің Арманмен жатып Мақсатпен тұратынымды білесіз бе?
⠀
Арман екеуіміз бала кезден доспыз. Мақсат болса жасөспірім кезімнен бері менімен бірге.
⠀
Бүгін сабақта ұстазым осы бетіңнен қайтпа деді.
Арман - сенің мышлениең, ол мақсатқа апаратын жол. Мақсатқа жету- өміріңнің мәні мен мағынасы деді.
17/11/2023
Нағыз дәрігер науқас адаммен бірге "ауырып", бірге "өліп", бірге "тіріледі". 2000 жылдардың басында тісі қатты ауырып, жарты беті ісіп кеткен, әбден қиналған, сұңғақ бойлы әдемі қара торы жас жігіт қабылдауға келді. Аяп кеттім. Ауру ақыл тісін жұлып, тілік жасап үйіне қайырдым. Көз алдымнан қызарып, баданадай ісіп тұрған миндалинасы кетпей қойды.
Қап, әттеген -ай, стационарға жіберуім керек еді! Ірің тамағынан әрі кетіп қалмаса жарар еді! Неше түн ұйқтамадым, ас су ішпедім деп еді, аптекаға барды ма екен, антибиотик алды ма екен, - деп уайымдап мазам кетті. Ол кезде сотовый телефонды екінің бірі ұстамайды. Кеш бата үйіне звондап, халін білдім. Тұтқаны әйел адам көтерді, тегі жолдасы болуы керек. Жігіттің дауысы сергек екен, қуанып қалдым. Жағдайының жақсарғанын, көп қанды ірің шыққанын, дәрілерді ішіп жатқанын айтты. Ух! - дедім.
Ертесінде жұмысқа келсем әлгі жігітім тұр, қасында өрімдей ғана әйелі бар. Кел деген уақытынан да ерте келіпті. Түрімнен сұрақ белгісін көрді ау деймін, жігітім қызарақтай үн қатты.
- Апай, мынау - иегімен келіншекті меңзеп- дәрігеріңді көрем дегенсін, деп кібіртіктеді. Жағдайы жақсарыпты,
тамағының ісігі басылыпты.
- Сендерді, еркектерді жас баладай жетектеп дәрігерге әкелмесе уақытында келмейсіңдер. Дұрыс болды өзің алып келгенің, дәрілерін уақтылы ішіп, ем- домын дұрыс жасауын қадағала, айналайын,- деп келіншекке қарадым. Жігіт қызарақтап, келіншек басын төмен салып кабинеттен шыққаны мұң екен, әріптестерім қыран топан күлкінің астында қалды. Дәрігері күйеуінен әлде қайда үлкен адам екенін көріп келіншектің күпті көңілі орнына түсті ау деймін.😂
лек
16/11/2023
14/11/2023
Средства для ухода за полстью рта.
19/01/2023
Менің қолөнер туындымды назарларыңызға ұсынамын. Между делом қолыма ұстап, 1,5 ай дегенде тоқып біттім. Жуып, ағартып, крахмалдаған соң "Қыздың баласындай" боп шыға келді. Қызым мен жиенімнің ас бөлмесінің көркі ашыла түскендей.
-" Дастарқаның мол болып, жақсылыққа жазылсын, ас көп болсын, қарның тоқ, көйлегің көк болсын!"- деп аналық ақ батамды бердім.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Telephone
Website
Address
Karaganda
